Тәрбие басы тал бесіктен
Дата: 06.02.2024 Рубрика: Бери пример!
0

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды.
Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, шығармашыл тұлға тәрбиелеу мақсатында «Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік аясында «Біртұтыс тәрбие бағдарламасы» негізінде түрлі іс-шаралар жоспарланды. «Ұлттық құндылықтарымызды ұмытпайық», «Әдептілік, ар, ұят – адамдықтың белгісі», «Тәрбие басы тал бесіктен» тақырыбында кездесулер, «Талап, еңбек, терең ой...» танымдық сайысы, «Миллион кімге бұйырады» ток шоу, «Қаныш Сәтпаевтың рухани әлемі» музей сағаты, Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай қалалық дебат турнирі, «Битва титанов» интеллектуалды сайыс, волейболдан Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның кубогі сияқты іс-шаралардың оқушыларға тиетін әсері сөзсіз.

Комментарии