Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Біздің мақтанышымыз

Дата: 30.01.2024 Рубрика: Бери пример!
385
0
Біздің мақтанышымыз
Оқудың басталғалы да бес ай өте шықты. Осы бес айдың ішінде 4 «А» сынып оқушысы Мырзагерей Мирас өз жетістіктерімен көзге түсе білді. Мирас – Тобыл Арена ДЮСШ футбол үйірмесінің құрама команда мүшесі. Ол осы аралықта Семей, Зеренді, Павлодар, Алматы қалаларына командасымен бірге жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен қатар Мирас сыныпта белсенді оқушылардың бірі. Сабаққа деген ынтасы жоғары. Өз сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Ол тек осы спорт жағынан ғана көзге түсіп қоймай. Сонымен қатар мектепшілік, халықаралық конкурстарына да белсене қатысады. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастарған «Кенгуру» ойын-конкурсының 1 орын иегері. Мирасты жан-жақты етіп дамытып, қолдап отырған ең бірінші ата-анасына алғысым шексіз. Барлығы да осы ата-анасының қолдауының арқасында. Болашақта Мирас бұдан да көп жетістіктерді бағындыратынына сенімім мол.
Арайгүл Досанова,
Чапаев негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!