Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Таланттар мекені

Дата: 08.04.2025 Рубрика: Бери пример
57
0
Таланттар мекені
№24 гимназияның бүлдіршіндері Наурыз мейрамына орай республикалық домбыра тарту челленджіне қатысты.
№24 гимназия Наурыз мейрамын ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Челленджді бастағанға дейін 1-сынып оқушылары ата-аналары үшін үлкен той ұйымдастырып, қызықты концерт пен ойындар бағдарламасын әзірледі. Ұлдар қол алысып, “Қара жорға” биін билесе, қыздар өздерінің әсем әрі нәзік қимылдарымен ұлттық билерін ұсынды.
Кейін үлкен әжелер мен аналар Байғазы дәстүрін көрсетіп, Наурыз мейрамына және балаларға қатысты басқа да дәстүрлер жайлы айтып берді. Көрермендер қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен танысып, олардың қалай өткізілетінін тамашалады. Балалар түрлі-түсті көйлектер мен қамзолдарын, тақиялары мен сәукелелерін киіп, өте сүйкімді болып, қазақы киімді де ұлықтады. 
Сағат 11:00-де гимназияның “Балауса” ансамблі күй төгілтті. Ансамбль құрамында 1-4 сынып оқитын кішкентай домбырашылар бар. Бастауыш сынып оқушыларының домбыраның құлағында ойнағаны таңғалдырады.
Домбыра үйірмесінің жетекшісі Алмагүл Тоқмағанбетова оқушылармен бірге ойнап, қандай ритмде тарту керектігін ыммен көрсетіп көмектесті. Бірақ соған қарамастан, балалардың тарту шеберлігі ерекше.
Ұлдар мен қыздар “Тепеңкөк” халық күйімен қатар, “Жастар биі” және “Келіншек” күйлерін бірнеше рет тамаша орындап шықты. Осындай таланттар №24 гимназиясында оқитынын мақтанышпен айтуға болады.
Аида Яловенко
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!