Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Талай балаға жол ашқан

Дата: 24.03.2026 Рубрика: Әнші балапан
6
0
Талай балаға жол ашқан
Рудный қаласындағы «Алтын домбыра» студиясы 2021 жылдан бері балаларды қазақтың ұлттық аспабы – домбыра өнеріне баулып келеді.
Студия директоры – Назгүл Дүйсенова осы саланы жақсы дамытып келеді. Өзі де өнердер құралақан емес. Бұрын басқа салада еңбек етсе, енді осы саланы дамытып жүр. Бүгінде студияда шамамен 200 шәкірт білім алып, мұғалімдер жұмыс істейді. Олар бимен, қолөнермен, спортпен де айналысады.
Студия мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп, балаларға өнермен айналысуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мұнда тәрбиеленіп жатқан жас өнерпаздар республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен жүлдегерлері атанып үлгерді. Жас домбырашылар Қазақстанның Астана, Ақтөбе, Түркістан қалаларында өнер көрсетіп, тәжірибе жинақтаған. Сонымен қатар студия шәкірттері қазақтың қара домбырасын шетелдік сахналарда да танытып, Францияның Париж қаласында және Түркия елінде өнер көрсетіп, ұлттық өнерімізді әлемге паш етті.
«Мен «Алтын домбыра» студиясында екі жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келемін. Сабақ барысында бірнеше әдісті қолданамын. Біріншісі көрсету және қайталау әдісі. Яғни мен күйді немесе жаттығуды көрсетемін, ал балалар оны қайталап үйренеді. Екінші әдіс – сандық нота арқылы үйрету. Бұл әдіс әсіресе жаңадан бастаған балаларға күйді тез меңгеруге көмектеседі. Үшінші әдіс – ноталық сауаттылық. Балалар нотаны танып, музыканы дұрыс оқып, түсініп орындауды үйренеді. Сонымен қатар мен балаларға тек күйді үйретіп қана қоймай, сахнада өзін қалай ұстау керегін, сахна мәдениетін де үйретемін. Сабақта күйдің тарихын түсіндіреміз, яғни мен музыкамен қатар балаларды қазақтың дәстүрі мен мәдениетімен де таныстырамын. Осылайша, өнер мен тарих, мәдениет бәрі бір-бірімен байланысты түрде оқытылады. Балалармен біз түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысып келеміз. Мектепішілік, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарда жүлделі орындар аламыз. Біз тек Рудный қаласымен шектелмей, басқа да қалаларға барамыз. Балаларды тек конкурсқа қатыстырумен шектелмей, сол қаланы таныстырып, экскурсия жүргіземіз. Осылайша, балалар өнерімен қатар жаңа тәжірибе мен әсер алады», – дейді ұстаз Ақбота Жұматай.
Домбыра үйрену баланың жан-жақты дамуына зор ықпал етеді. Ол баланың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа баулиды, есте сақтау қабілетін арттырады, сахна мәдениетін қалыптастырады. Сонымен қатар музыка баланы еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа және жауапкершілікке тәрбиелейді.
«Домбыра – біздің ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Біздің студияда әртүрлі жастағы балалармен бірге өзге ұлт өкілдері де домбыра үйреніп жүр. Қазіргі таңда алты өзге ұлттың баласы ұлттық аспабымызды меңгеріп жатыр. Музыкалық қабілеті жоқ сияқты көрінетін бала да дұрыс бағыт-­бағдар берілсе, домбыра үйрене алады», – дейді студия директоры Назгүл Дүйсенова.
Рудный қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!