Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Мен кішкентай әншімін»

Дата: 29.07.2025 Рубрика: А у нас...
107
0
«Мен кішкентай әншімін»
Болат Хамзин атындағы өнер мектебінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің аясында балалардың өнерін дамытуға бағытталған «Мен кішкентай әншімін» атты керемет ән байқауы өтті.
Бұл шара жас өнерпаздардың шығармашылығын шыңдауға, сахнада еркін өнер көрсетуіне үлкен мүмкіндік сыйлады.
Байқаудың басты мақсаты – балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылығын қолдау, өз-өзіне деген сенімділік пен тұлғалық дамуға жол ашу болды. Ән байқауына түрлі жастағы балалар қатысып, сүйікті әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір қатысушының сахнадағы бейнесі, вокалдық қабілеті мен өзіне деген сенімділігі – мерекелік шараның көркін аша түсті.
Балалардың жарқын көңіл-күйі, әсем дауысымен шырқалған әндері лагерь ауасын нағыз өнер мерекесіне айналдырды. Қатысушылар мен көрермендердің жүзіндегі шаттық пен қуаныш бұл күннің балалар үшін ерекше, ұмытылмас сәт болғанын көрсетті.
Мұндай шығармашылық байқаулар балалардың мәдени дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың келешекте өнер жолына деген алғашқы қадамына айналатыны сөзсіз. Ұйымдастырушылар мен тәлімгерлерге, сондай-ақ барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, болашақта осындай шаралар дәстүрлі түрде жалғасады деген сенім білдіреміз.
Жаңажыл Кемелтаева, 
қобыз бөлімінің мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!