Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жарқырай түс, әсем шырша!

Дата: 31.12.2024 Рубрика: Новый год
213
0
Жарқырай түс, әсем  шырша!
Қала орталығындағы жаңа жылдық әсем шырша шамдарын жарқыратып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар жиынған жұртшылықты мерекемен құттықтап, шырша шамын жақты. Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шырша шамы жағылғанда, от шашу атылып қала тіптен жарқырай түсті. Шырша шамын жағу салтанаты ән мен би думанына ұласты. Қала тұрғындары мен қонақтары шыршаның қасында суретке түсіп жатты. Жастар жағы болса шыршаны айналып сайран құрды.
Мерекелік іс-шараға қала әкімі Марат Жүндібаев қатысып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол қаланың дамуына қосқан үлесі үшін қала тұрғындарына алғысын білдіріп, жаңа жылда барлық отбасыларға бақыт, денсаулық және береке тіледі.
«Жылы ауа райы көптеген қостанайлықтар мен қала қонақтарына балаларымен бірге алдағы мерекенің атмосферасын тамашалауға мүмкіндік берді. Бір уақытта «Жастар сарайы» маңында, «ҚСК» ауданындағы «Жастар Бульвары» және «Аэропорт» шағын ауданындағы «Керуен» саябағындағы үш шыршаларына шамдар жағылды. «Қонай» шағын ауданындағы шырша да гирляндалармен жарқырады. Қала орталығы нағыз қысқы ертегіге айналды - мұнда Аяз ата, Ақшақар, жұлдыз белгілері және басқа да ертегі кейіпкерлері бейнеленген Мұз қалашығы пайда болды. Жаңа жылдық инсталляциялар, жарықдиодты фигуралар мен өнер нысандары ерекше мерекелік атмосфера жасауда. Өз бастамаларымен қаланы көркейтіп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған білім беру ұйымдарына, кәсіпорын ұжымдарына, ПИТК, МИБ және тұрғындарға ерекше алғысымызды білдіреміз. Құрметті қостанайлықтар, сіздерді келе жатқан Жаңа 2025 жылмен құттықтаймын! Осы жыл әрқайсыңызға зор денсаулық, бақыт, сәттілік пен береке әкелсін. Жаңа жылдың әрбір күні қуанышқа, жылулық пен жетістіктерге толы болсын!», – деді қала әкімі Марат Жүндібаев.
 
--

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!