Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Дарханның жеңісі

Дата: 26.12.2023 Рубрика: Новый год
231
0
Дарханның жеңісі
Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Дархан Қанапин күйші, композитор «Күй атасы» Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған 9-12 жас аралығында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы республикалық домбырашылар байқауында 1-орынға ие болып, лауреат атанды.
Аталған байқау 7-9 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ғимаратында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен өтті. Ұлтымыздың қос ішекті аспабының жарысына еліміздің барлық облысынан 80-ге жуық мықты домбырашылар қатысты.
Екі күнге созылған сайыстың салтанатты жабылу концертінде лауреаттар сахна төріне шығып, бір күйден ойнап шықты. Кіші топтан шыққан Дархан жалғыз өзі 1-орын лауреат атағын жеңіп алды.
«Менің арғы атам – Қанапия, өз атам – Ғалымбек домбыра тартқан. Әкем мен ағам да домбырада ойнайды. Мен төрт жасымнан бастап әкемнің алдында отырып, домбыра тарта бастадым. Осы сайысқа мені музыкалық мектептегі ұстазым – Алмагүл Мұратқызы дайындады. Байқау маған өте ұнады. Алғысымды әкем мен анама, бауырыма, музыкалық мектептегі ұстазыма білдіремін», – дейді жас талант.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!