Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әже – ұрпақтың жүрегі

Дата: 14.05.2024 Рубрика: Туған жер
163
0
Әже – ұрпақтың жүрегі
Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ХІ облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының финалын өткізді.
Финалға байқаудың аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Байқау Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған. Байқауға қатысу үшін шығармаларды таңдау мектеп туралы жазатын қазақстандық авторлардың көркем әдебиетімен шектелді. Арманбек Мұхамедәли осы байқаудың жеңімпазы атанды. 
Таңқалдырғаны бұл баланың әртістік таланты. Ал бұл баланы сахнаға баулыған әжесі Жауһар Тұралина. Қазақ «тәрбие – тал бесіктен»
деп бекер айтпаған. Жас ұрпақтың тәрбиесін кімге тапсырмақпыз. Міне, осындай ақ жаулықты әжелеріміз мықты болса ұрпақ та ойлы болары сөзсіз. «Мен үш нәрседен қорқамын. Өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, өзінің нөмересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын», – деп Бауыржан Момышұлы атамыз жақсы айтқан. Осы дүниелердің басты кіндігі тәрбие деп ойлаймын. Тәрбие бар жерде осы басты үш мәсәле бүгінгі таңда шешімін таба алмаған үлкен сұраққа айналмас еді.
«Арманбек Мұхамедәлі менің тұңғыш немерем. Өзімнің бауырымда өскен. Кішкентайынан менің тәрбиемде. Өзім өнерге баулып, әрбір сайысына барып, қолдап жүремін», – дейді Жауһар әже. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!