Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кел, жастар, кітап оқиық

Дата: 14.05.2024 Рубрика: Почитай-ка
170
0
Кел, жастар, кітап оқиық
 
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Амангелді аудандық орталық кітапханасында «Кел, жастар, кітап оқиық!» атты кітапхана сабағы өткізіліп, кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.
Көпшіліктің назарын кітапқа аудару, оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілген іс-шарада оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығы мен пайдасы айтылып, викториналық сұрақтар арқылы оқырмандар кітап жайлы қызықты деректерді біліп, жақынырақ танысты.
Кітап көрмесіне биылғы жылдың мерейтой иелерінің шығармалары, жергілікті жердің атақты тұлғалары туралы, «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдап алынған Б.Соқпақбаевтың шығармалары, шолу жасалды, «Кітап оқуға 10 себеп» атты жадынама таратылды. 
Кітап оқудың еш, кеші жоқ. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап. 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!