Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қызықты да, әсерлі

Дата: 14.05.2024 Рубрика: Почитай-ка
160
0
Қызықты да, әсерлі
 
Бәріміз халық ауыз әдебиетімен таныспыз. Кішкентай  бала шағымыздан бесік жыры, ертегілер естіп өстік, ересек жасқа жетіп батырлар, олардың жорыққа шыққан жырларын өзіміз алып оқыдық. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да – халық. Жалпы халықтың ханы болсын, бай бол, кедей бол, батыр ма, жай қарапайым халық па бөлмей ортақ өнер. Сондықтан ол шын мәнінде халықтың әдебиеті болып табылады. Бұл өнер өзінің көркемділік, тақырыптық, сюжеттік байлығымен және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекше көзге түседі. Қазақ  халқы күнделікті тіршілікті, өсіп келе жатқан ұрпаққа, әсіресе тәрбиелік жағын қадағалап, кез келген құбылысты  әсерлі болып жеткізу талап еткен.  
Біз оқырмандардың назарына халық ауыз әдебиеті бір үлгісі  «Қырық өтірік» ертегі деген кітапты ұсынамыз. Қазіргі уақыттың талабымен жаңаша құрастырып жазылған.  2023 жылы Алматы қаласында  басылып шыққан.  Ондағы  іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды,   үлкен фантастикалық қиялға, қызықты күлкіге құрылған.
Өтірік өлеңді айту оңай болғанымен, шығару оңай емес деп есептейді Мәлік Ғабдуллин. Ол ақыннан ақындық өңерді талап етумен қатар қиял-ойдың мол болуын қажет етеді. Бұл ойды дәлелдеу үшін осы кітапты оқып шығыңыз, содан соң өздеріңіз  өтірік өлеңді құрастырып көріңіз.
Ш.Есикеева  

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!