Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітап оқуды әдетке айналдыр

Дата: 23.04.2024 Рубрика: По родному краю
81
0
Кітап оқуды әдетке айналдыр
Бұл әр бала үшін өте маңызды. Себебі интеллегентті адам қашанда білім, ақыл мен парасатты кітаптан алады. Ал оқу дағдысын ерте жастан-ақ қалыптастырған дұрыс. Бүгін балаларға оқуға болатын кітаптар тізімін Рудный Мемлекеттік тілдегі кітапханасының қызметкері Жаңгагүл Урганчбаева ұсынып, таныстырады.
«Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаевтың  «Менің атым Қожа» повесінде  ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлқы, арман-мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген.Бұл повесть – 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі.
Повесте кішекентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлыбаяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды.  Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады.
Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын  Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әр қащан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болудыармандайды. 
Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!