Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Сүйінші деген не?

Дата: 23.04.2024 Рубрика: По родному краю
81
0
Сүйінші деген не?
Қазақ арасында қандай қуанышты жаңалық болмасын, бәрі бір-бірінен «сүйінші» сұрауға асығады. Әдетте қуанышты жаңалықты жеткізуші айтарын «сүйінші» сөзімен бастайды. Бұл сөздің пайда болу тарихы неден бастау алады?
Жақсы хабар жеткізушіге хабар алушыдан жақсы сыйлықтар, ақшалай сыйлықтар беріледі. Сүйінші сұрау белгілі бір жағдайдайларда ғана емес, кез келген қуанышты хабарда сұрала береді. Мысалы, «Сүйінші, сәби дүниеге келді!», «Сүйінші, бала алғашқы қадамын жасады!», «Сүйінші, мен жарыста жеңдім!» т.б.
Енді «сүйінші» сөзінің тілдік мағынасына келетін болсақ, бұл сөздің түбірі «сүю» сөзінен бастау алады. Одан кейін әртүрлі қосымшалардың әсерінен «сүйіну» мағынасындағы ұғымға ауысады. «Сүйінші!» сөзі екі түрлі мағыналық аяда өрбуі мүмкін. Бірі «жақсы жаңалыққа сүйінші» деп, бұйрық рай формасында болса, енді бірі «сүйініш», яғни жақсы жаңалық, қуанышты хабар деген мағынада болуы мүмкін. 
Бұл сөз қазақ халқының тілдік қолданысында бірнеше ғасырдан бері бар. Соған қарамастан, әлі күнге дейін белсенді қолданыста. Балалар, сендер жақсы жаңылық жеткізіп, сүйінші алып көрдіңдер ме?  

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!