Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Алғашқы оқырман – 2024»

Дата: 16.01.2024 Рубрика: Главная ценность
362
0
           «Алғашқы оқырман – 2024»
                
   ...Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп  санауына болады.
                                                                                           Мұхтар Әуезов.
 
            Кітап – адамзаттың көне замандардан келе жатқан парасатты ұстазы, адал досы, тарихтың шынайы куәсі. Кітапханамыздың балалар әдебиеті бөлімінде оқырмандардың  кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, әдеби талғамын қалыптастырып, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу, кітапхана жарнамасын дамыту, оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында дәстүрлі кітапханамыздың бірінші оқырманына арналған
            «Бірінші оқырман – 2024» атты іс-шара өткізілді. Дәстүрлі мерекемізге балаларды құттықтап Аяз ата мен Ақшақар келді. Оқырмандарға кітапханада өткізіліп жатқан түрлі іс-шаралар, балалар үшін көркем әдебиеттер, Отандық және шетелдік, заманауи авторларымен сүйікті ертегілері ұсынылып, қызықты танымдық ойындар ойнатылды. Балалар сүйікті Аяз ата мен Ақшақарға әндерін айтып, би билеп, мультфильм сериялдарындағы басты кейіпкерлерді тауып, жұмбақтарды шешті. Мерекелік іс-шараға белсене қатысып өнер көрсеткен оқырмандарымыз Аяз ата мен Ақшақардың тәтті сыйлықтарына кенелді.  Іс-шара барысында Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 1 «А» сынып оқушысы Еламан Мұхаммад Асхатұлы 2024 жылдың бірінші оқырманы номинациясын иеленді.
            Еламан Мұхаммад сыныбында үлгілі оқушы. Бос уақытын кітапханада өткізгенді ұнатады. «Шалқан» ертегісін,  Жібек Зинелованың «Кішкентай кенгуру», «Ине сататын кірпі», Ермек Есқожаның «Сұр қоян», «Қырық өтірік» т.б. ертегілерімен қоса балаларға арналған мерзімді басылымдар «Балдырған», «Балапан бағы», «Періште», «Балбұлақ» журналдарын үзбей оқиды. Іс-шара соңында «Бірінші оқырман – 2024» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды. Жыл сайын балалар әдебиеті бөлімінің қоры жаңа басылымдармен толықтырылып отырады. Оқырмандар өздері ұнатқан кітаптарын таңдап қана қоймай, қорға жаңадан қосылған сан түрлі басылымдармен таныса алады.
Құрметті жас оқырмандар! Өздеріңіздің мол мұраға қанық болар, өмір жолында мәңгі азық болар «сүйікті» кітаптарыңызбен танысуға шақырамыз.
Гүлнар  Сейтқожина,
облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы,
балалар әдебиеті бөлімінің қызметкері.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!